Опубликовано: 11.03.2026
«Айналайын» балаларды қолдау орталығының ұжымымен кездесу өтті

2026 жылғы 11 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласындағы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі «Айналайын» орталығының ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат ұсынылып, конституциялық реформалардың қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы түсіндірілді.

Кездесу барысында сөз сөйлеген Нұрбек Құдайберген жаңа Конституция әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Оның айтуынша, Негізгі заң жобасында білім мен ғылымды дамытуға, білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Ашық диалог барысында кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша орталық қызметкерлері жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды қолдайтындарын білдіріп, алдағы республикалық референдумға азаматтардың қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 40 адам.

WhatsApp Image 2026-03-11 at 15.54.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-11 at 15.54.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-11 at 15.54.38 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-11 at 15.54.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-11 at 15.54.38.jpeg

Назад к новостям
Поделиться: