Жарияланды: 08.03.2026
8 наурыз құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Ардақты арулар!

Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – тек отбасының берекесі ғана емес, қоғамның қозғаушы күші. Бүгінде сіздер құқықтық мемлекеттің негізін нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып, қажырлы еңбектеріңізбен кәсібилік пен парасаттылықтың жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Нәзіктік пен төзімділікті, жауапкершілік пен әділдікті қатар ұштастыра білген еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.

Осынау мерекелі сәтте сіздерге сарқылмас қуат, кәсіби биіктер мен отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Көңілдеріңізден көктем шуағы, жүздеріңізден күлкі кетпесін.

Әрдайым аман-сау, әдемі де ардақты болып жүре беріңіздер!

Ізгі ниетпен,

Республикалық заң консультанттары алқасының Төрағасы

Серік Ақылбай

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: