Жарияланды: 24.10.2026
Ғабит Советбайұлы Умирбековтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту

Республикалық заң консультанттары алқасының ұжымы Ғабит Советбайұлы Умирбековтің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Габит Советбайұлы Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының кеңесшісі, «Құқықтық қорғау және заң қызметтерін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, сондай-ақ «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі ретінде заң саласында қызмет етіп, заң консультанттары қауымдастығының дамуына үлес қосты.

Оның дүниеден өтуі әріптестері мен оны таныған жандар үшін орны толмас қайғы. Марқұмның жарқын бейнесі, кәсіби қызметі мен заң саласындағы еңбегі оны білетін жандардың жадында мәңгі сақталады.

Осы ауыр сәтте марқұмның отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз. Жақындарына сабыр мен күш-қуат тілейміз.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Серік Байсеитұлы Ақылбай

Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы

856715988_122314127990064877_5547814782211213129_n.jpg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: