Жарияланды: 06.11.2025
Абай облысы Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының филиалы ашылды

Абай облысының Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының филиалы салтанатты түрде ашылды. Бұл жаңалық заң консультанттары институтын дамыту мен өңір тұрғындары үшін білікті құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.

Филиал 2025 жылдың 22 қыркүйегінде ресми түрде тіркеліп, Палатаның қызметін кеңейту, сондай-ақ жергілікті деңгейде заң қауымдастығы мүшелерімен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Филиалдың басшысы болып Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының мүшесі, көпжылдық тәжірибесі бар заңгер Турдин Серік Мұратханович тағайындалды.

Ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, заң қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Салтанатты шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының төрағасы Аринова Алтынай Хайдаровна, Палата Басқармасының мүшелері Иващенко Лариса Викторовна мен Әбішев Мәлік Қалиасқарұлы құттықтау сөз сөйлеп, филиалдың ашылуы өңір халқының құқықтық сауаттылығын арттыру мен заң көмегін көрсетудің тиімді жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Іс-шара барысында филиал басшысы таныстырылып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жоспар келесі бағыттарды қамтиды:

✔ консультанттар үшін оқыту семинарлары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізу;

✔ халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заң көмегін көрсету бағдарламасын дамыту;

✔ мемлекеттік органдармен, адвокатурамен және білім беру мекемелерімен тиімді өзара іс-қимылды нығайту;

✔ азаматтарға арналған ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының Абай облысындағы филиалының ашылуы Семей қаласы мен оған жақын аудандардың тұрғындарына білікті заң кеңесін және құқықтық қолдауды жергілікті жерде алуға мүмкіндік береді.

Байланыс ақпараты:

Абай облысы Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының филиалы

📍 Адрес: Абай облысы, Семей қаласы, Жангильдина көшесі, 85 үй

📞 Телефондар:

8 (777) 579-19-19 (Семей қ.)

8 (702) 614-47-66 (Семей қ.)

8 (701) 521-21-20 (Өскемен қ.)

📧 Эл. пошта: serik.turdin.77@mail.ru (Семей қ.), povko@povko.kz (Өскемен қ.)

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: