Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай жұмыс сапары аясында Шымкент қаласына барып, Алқа құрамына кіретін Шымкент қаласының заң консультанттары Палатасына барды.
Сапар барысында төрағаға жылы әрі қонақжай қарсы алу көрсетілді. Тараптар Палатаның қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, заң консультанттары институтының дамуын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары мен көрсетілетін заң көмегінің сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында Палата мүшелерінің қатысуымен жиын өтіп, онда практикалық қызмет, тәжірибе алмасу және кәсіби қауымдастықты нығайту мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.
