2026 жылғы 10 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы мен «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалиция делегациясының құрамында Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымымен кездесуге қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, соның ішінде білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және адами капиталды нығайтуға қатысты нормалар талқыланды.
Педагогикалық ұжым алдында сөз сөйлеген Серік Ақылбай Конституцияның жаңа редакциясы қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретінін және әділеттілік, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, құқықтық мемлекетті дамытуға бағытталғанын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, білім беру деңгейін арттырудың және қоғамдық сенімді нығайтудың Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құрудағы маңызды факторлар екенін атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іс-шараның жалпы қамтылуы шамамен 130 адамды құрады.

