Жарияланды: 10.03.2026
Алқа төрағасы Серік Ақылбай Жезқазған қаласында Ұлытау облысының тұрғындарымен өткен кездесуге қатысты

2026 жылғы 10 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы мен «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалиция делегациясының құрамында Жезқазған қаласындағы С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының алаңында өткен Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуге қатысты.

Делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Іс-шараға сондай-ақ Парламент депутаттары, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, білім беру саласының өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және алдағы республикалық референдумның маңызы талқыланды.

Кездесуде сөз сөйлеген Серік Ақылбай жаңа Конституция қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретінін және әділеттілік, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, құқықтық мемлекетті дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Оның айтуынша, Негізгі заң жобасында азаматтардың құқықтарын қорғауға, адами капиталды дамытуға, білім, ғылым және мәдениетті қолдауға, сондай-ақ қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға ерекше назар аударылған.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өңірдің дамуы, ұлттық бірегейлікті сақтау және конституциялық реформалардың қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы рөлі мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша коалиция өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы республикалық референдумға азаматтардың саналы түрде қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 200 адам.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: