Жарияланды: 10.03.2026
Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының ұжымымен түсіндіру кездесуі өтті

2026 жылғы 10 наурызда Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының ұжымымен жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшесі Бахтияр Камалов, сондай-ақ Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласындағы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі Ғабит Умирбеков қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, алдағы «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты республикалық референдумның басым бағыттары таныстырылды.

Спикерлер ұсынылып отырған реформалардың заң үстемдігін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын дамытуға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Кездесу ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтті: қатысушылар талқыланып отырған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, өзекті сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 50 адам.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: