Жарияланды: 19.02.2026
Алматы қаласында жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру кездесуі өтті

19 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін «Құқықтық қорғау және заңгерлік қызметтер көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшелері Диханбаева Салтанат пен Калиммулин Камиль Abai University студенттерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Ата заң жобасының негізгі ережелері таныстырылып, басты өзгерістер түсіндіріліп, аудитория сұрақтарына жауаптар берілді.

Іс-шараның жалпы қамтуы 70 адамды құрады.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 12.11.15.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: