Жарияланды: 11.03.2026
Алматы қаласының Жетісу ауданында еңбек ұжымдарымен түсіндіру кездесулері өтті

2026 жылғы 11 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі Мира Карбановна Габдуллина «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік штабы өкілдерімен бірлесіп, Алматы қаласының Жетісу ауданындағы «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Алматы инжстрой» АҚ еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ №3 жалпы білім беретін мектептің ұжымымен түсіндіру кездесулерін өткізді.

Кездесулер барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері және конституциялық реформалардың басты бағыттары түсіндірілді.

Атап айтқанда, цифрландыру жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне, соның ішінде дербес деректерді қорғау және жеке өмірге қол сұғылмаушылық қағидаттарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Әділетті Қазақстанды құру, заң мен тәртіпті нығайту мәселелері талқыланды.

Спикерлер жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамытуға, білім, мәдениет және инновация салаларын қолдауға, сондай-ақ ел болашағын қалыптастырудағы аға буынның рөліне ерекше мән берілгенін атап өтті.

Ашық диалог барысында кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерге қатысты пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ спикерлер алдағы республикалық референдумды өткізу тәртібі туралы түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесулерге қоғам өкілдері де қатысты, олардың қатарында «AMANAT» партиясы филиалының жетекшісі Асылбек Әбдісаланұлы, «Асфальтбетон» ЖШС бас директоры Бахтияр Маратович, Алматы қаласы мәслихатының депутаты және «Жастар коммуникесі» өкілі Айбек болды.

Іс-шаралардың жалпы қамтылуы шамамен 40 адамды құрады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: