2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Қарағанды облысы заң консультанттары палатасының басқарма мүшесі Балобеев А.В. Орталық Қазақстан академиясының студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын және елдің саяси-құқықтық жүйесінде алдағы уақытта жүзеге асырылатын өзгерістерді талқылау болды.
Түсіндіру жұмыстары барысында реформаның негізгі бағыттары жан-жақты баяндалды:
-
саяси жүйені жаңғырту және өкілеттіктерді қайта бөлу;
-
Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту;
-
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қосымша кепілдіктері.
Академия студенттері жаңа нормалардың іс жүзінде жүзеге асырылуы және олардың жастар саясатына ықпалы жөнінде сұрақтар қойып, жоғары қызығушылық танытты. Балобеев А.В. жаңартылған заңнама жағдайында өмір сүріп, еңбек ететін дәл осы жастар екенін атап өтіп, олардың талқылауға белсенді қатысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға маңызды үлес қосты.
