2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, сондай-ақ «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы «Қарашоқы» кооперативі ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат ұсынылып, ауылдық аумақтарды дамытуға, аграрлық секторды қолдауға және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған конституциялық өзгерістердің басты бағыттары түсіндірілді.
Ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, фермерлер мен агроөнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұтымды әрі жауапкершілікпен пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кооператив өкілдері спикерлердің баяндамаларын мұқият тыңдап, пікір алмасып, қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуға және құқықтық бастамаларды қолдауға қызығушылық білдірді.
Іс-шараның жалпы қамтылуы 30 адамды құрады.

