Алдын ала төлем жасалғаннан кейін тапсырыс беруші уәде етілген жиһазды немесе қызметті ала алмайтын жағдайлар азаматтардың шағымдары мен сот дауларының тақырыбына айналып отыр.
Жиһаз компанияларымен және өзге де мердігерлермен шарт жасасу кезінде тәуекелдерді қалай азайтуға болатыны туралы «24KZ» телеарнасының ақпараттық материалында айтылды.
Телеарнаға берген түсіндірмесінде Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Астана қаласының заң консультанттары палатасының мүшесі, заң консультанты Асланбек Ибраев шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда тапсырыс беруші қандай әрекеттер жасай алатынын түсіндірді.
Заң консультанты даулы жағдай туындаған кезде азаматтар болған жағдайды тіркеу үшін құқық қорғау органдарына, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару туралы талаппен сотқа жүгіне алатынын атап өтті.
Сонымен қатар шарт жасасқанға дейін қабылдау ұсынылатын шараларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Асланбек Ибраев орындаушыны борышкерлер тізілімі және сот істері туралы мәліметтер бойынша тексеруді, шарт талаптарын, жұмысты орындау мерзімдерін және төлем тәртібін мұқият зерделеуді ұсынды.
Орындаушыны дұрыс таңдау және жиһазға немесе өзге де қызметтерге тапсырыс беру кезінде өз құқықтарын қорғау туралы толығырақ «24KZ» телеарнасының материалынан білуге болады:

