2026 жылғы 5 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысының заң консультанттары палатасының мүшесі А.З. Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен бірлесіп, Аршалы ауданы Михайловка ауылының балабақша ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері, оның құқықтық мемлекетті нығайтудағы, әділеттілікті қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ жауапты әрі белсенді азаматтық қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар елдің әлеуметтік дамуына бағытталған өзгерістер мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалогқа қатысты.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 9 адам.
