Жарияланды: 20.05.2026
«Ашық алаң»: Халық кеңесінің құзіреті талқыланды

20 мамыр күні Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде сөз сөйледі.

Бағдарлама барысында жаңадан қабылданған заң және оның қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды дамытудағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар, Халық кеңесінің құзіреті мен оның азаматтардың пікірін мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне тартудағы маңызы сөз болды.

Тікелей эфир барысында спикерлер аталған заңның өзектілігіне тоқталып, оның демократиялық қағидаттарды нығайтуға және қоғам мен билік арасындағы диалогты кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Қатысушылар заңның қоғам өміріне ықпалы, азаматтық қоғамның рөлі, сондай-ақ ашықтық пен есептілікті арттыру мәселелерін талқылады.

Бағдарламаның толық шығарылымы сілтеме бойынша:

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: