2026 жылғы 24 сәуірде Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының прокуратурасымен мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен «Халық заңгері» акциясы өткізілді.
Аталған іс-шараға Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Астана қаласының заң консультанттары палатасы қатысты.
Акция Халыққа қызмет көрсету орталығында (Иманов көшесі, 20) ұйымдастырылып, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталды.
Іс-шара барысында тұрғындарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріліп, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен заң қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Республикалық заң консультанттары алқасы азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бастамаларды қолдайды.
