Жарияланды: 22.05.2026
Астана қаласының заң консультанттары Палатасы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық дөңгелек үстелге қатысты

2026 жылғы 21-22 мамырда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі және «Право» қоғамдық қорымен бірлесіп Баланың басым мүдделері әділеттіктің негізі: халықаралық стандарттар және ұлттық сот төрелігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – халықаралық стандарттарды ескере отырып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылау.

Республикалық заң консультанттары алқасының атынан дөңгелек үстелге Астана қаласы заң консультанттары Палатасының төрағасы Ануарбек Скаков және Палата мүшесі, отставкадағы судья Марина Қушакова қатысты.

Іс-шараның екінші күні аясында Марина Афанасьевна ««Баланың құқықтарын қорғаудағы соттың белсенді рөлі: халықаралық тәсілдер және ұлттық тәжірибе»» тақырыбында баяндама жасап, сот тәжірибесінде баланың басым мүдделері қағидатын іске асырудың халықаралық және ұлттық тәсілдерін ұсынды.

Өз сөзінде спикер: «Сот пассивті арбитр күйінде қалмауы тиіс, оған баланың басым мүдделерін анықтау және қамтамасыз ету бойынша белсенді міндет жүктеледі» деп атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар келесі маңызды мәселелерді талқылады:

• Баланың басым мүдделері қағидатын сот тәжірибесіне енгізу;

• Ювеналды әділет жүйесін дамыту;

• Кәмелетке толмағандар қатысатын істерді қарау кезінде терапевтік және травмаға бағдарланған тәсілдерді қолдану;

• Халықаралық стандарттарға сәйкес балалар құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, ЮНИСЕФ және ЕҚЫҰ өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ заң қоғамдастығының мүшелері қатысты.

Республикалық заң консультанттары алқасы құқықтық жүйені дамытуға және азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға бағытталған халықаралық және ұлттық алаңдарға белсенді қатысуды жалғастыруда.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: