2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Астана қаласының заң консультанттары палатасының мүшелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының «Ақмола магистральдық желі бөлімшесінде» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Негізгі заң жобасында ұсынылып отырған негізгі өзгерістер қарастырылды. Атап айтқанда:
– «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделі;
– Құрылтай институтын құру;
– Вице-президент лауазымын енгізу;
– азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жаңартылған кепілдіктері.
Сондай-ақ қатысушыларға 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдум туралы ақпарат берілді. Жоба қабылданған жағдайда жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетіні атап өтілді.
Ұсынылып отырған өзгерістерді ашық талқылау мен оларды саналы түрде түсінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шараның жалпы қамтуы – 40 адам.
