Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру – Қазақстанның демократиялық әрі құқықтық мемлекет ретінде орнықты дамуының басты шарттарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы адамды, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде айқындап, еліміздің мемлекеттік және құқықтық жүйесінің одан әрі дамуының негізгі бағдарларын белгілейді.
Конституцияның азаматтар үшін маңызы, Ата заңның адам құқықтарын қорғаудағы рөлі және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мәселелері Khabar NEWS телеарнасындағы «Халық таңдауы» бағдарламасында кеңінен талқыланды.
Эфир барысында Республикалық заң консультанттары алқасының және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай Конституцияның әрбір азаматқа түсінікті болуының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Ата заң – елдің бүкіл құқықтық жүйесінің негізі әрі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кепілі.
Бағдарламаның толық нұсқасы сілтеме бойынша:

