Жарияланды: 05.03.2026
«Атамұра» ұлттық мәдениет орталығында шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті 2026 жылғы 5 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы мен «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Ақылбай Серік Екібастұз қаласындағы «Атамұра» ұлттық мәдени

2026 жылғы 5 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы мен «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Ақылбай Серік Екібастұз қаласындағы «Атамұра» ұлттық мәдениет орталығында шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар мәдениет саласының дамуы үшін конституциялық өзгерістердің маңызын, сондай-ақ мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ұлттық мәдени мұраны сақтау мәселелерін талқылады.

Шығармашылық орта өкілдері мәдениет саласы қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктерді нығайтудың және қоғамның рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған мәдени бастамаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық реформалар білім беру, мәдениет және адам капиталын ел болашағының берік негізі ретінде қарастыратын тұрақты даму моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Также перед участниками встречи выступил исполнительный директор РОО «Казахстанский союз юристов» Искакбеков Аргын Асетович.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 30 адам.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: