2026 жылғы 11 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі А.З. Тастамбеков «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының Ақмола өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, Атбасар ауданы Новомариновка ауылының тұрғындарымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Халықтық Конституцияның негізгі ережелері және оның әділеттілік, заңдылық қағидаттарын нығайтудағы, сондай-ақ әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудегі маңызы туралы ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық аумақтарды қолдау, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу форматы тұрғындарға пікірлерімен ашық бөлісуге, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік берді. Қатысушылар жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде қоғамның топтасуының маңыздылығын атап өтті.
Мұндай іс-шаралар белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды дамытуға ықпал етеді.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 27 адам.
