Жарияланды: 17.02.2026
Атырау қаласында жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру кездесуі өтті

2026 жылғы 17 ақпанда «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшесі, Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі, сондай-ақ «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Атырау облыстық филиалының төрағасы Н.А. Мубарак Атырау қаласындағы «КасХим» ЖШС ұжымымен және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғамдық-саяси жаңғырудағы орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар бұл құжаттың қоғам сұранысынан туындаған, ел болашағына арналған стратегиялық маңызы бар бастама екені атап өтілді.

Спикер Жаңа Конституцияда әділеттілік қағидаттарының күшейтілгенін, азаматтардың құқықтары мен заң алдындағы теңдігі нақты әрі айқын бекітілгенін ерекше атап өтті. Кездесу соңында қызметкерлердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: