Жарияланды: 06.04.2026
Азаматтарды құқықтық қабылдау күнін өткізуге Республикалық заң консультанттары алқасы жәрдем көрсетті

2026 жылғы 6 сәуірде Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум аясында азаматтарды құқықтық қабылдау күнін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты.

Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған «ТМД елдеріндегі денсаулық және адам құқықтары апталығы» халықаралық акциясы шеңберінде өтті.

Аталған іс-шараны іске асыруға Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін заң консультанттары палаталары қатысты. Әр палата тарапынан азаматтарға қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруді және құқықтарын қорғау тәртібін қоса алғанда, түрлі мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсеткен заң консультанттары тартылды.

Іс-шара барысында қатысушылар денсаулықты қорғау құқығының ұлттық және халықаралық деңгейде бекітілген негізгі адам құқықтарының бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Заң консультанттары азаматтарға кеңес беруді қамтамасыз етіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдем көрсетті, сондай-ақ мемлекеттік органдарға және сот инстанцияларына жүгіну тәртібі бойынша практикалық ұсынымдар берді.

Республикалық заң консультанттары алқасы барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: