2026 жылғы 6 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласындағы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еңбек ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат ұсынылып, әділеттілік, заңдылық және құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндірілді.
Кездесуде сөз сөйлеген Нұрбек Құдайберген жаңа Конституция жобасы мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
Оның айтуынша, Негізгі заң жобасында қоғамдық келісімді нығайтуға, заң алдындағы теңдікті қамтамасыз етуге, демократиялық институттарды дамытуға және мемлекеттік басқарудың заманауи моделін қалыптастыруға ерекше назар аударылған.
Кездесу барысында еңбек ұжымы өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды қолдайтындарын білдіріп, алдағы республикалық референдумға азаматтардың қатысуының маңыздылығын атап өтті.
