Құрметті әріптестер!
Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізу бақыты бүгінгі ұрпаққа бұйырды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы жылдар ішінде толағай табыстарға жетіп, көк байрағы желбіреген, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі мемлекетке айналды.
Еліміздің қарқынды дамуы – тұрақты саясат пен ішкі бірліктің, рухы биік, намысы берік халқымыздың еңбегінің жемісі. Бабалар аманатына адал болып, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау, тәуелсіздігімізді нығайту – баршамыздың басты мұратымыз.
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Жаңа ғасырда қайта түлеп, жасарып, түрленген Қазақстанымыздың тәуелсіздігі тұғырлы, тұғыры биік болғай!
Ұлы даламыздың аспаны әрдайым ашық, болашағымыз баянды болсын!
Ізгі ниетпен, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Байсеитұлы Ақылбай


