Жарияланды: 03.03.2026
«Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалының еңбек ұжымымен конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өтті

2026 жылғы 3 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысының заң консультанттары палатасының мүшесі Қ.С. Шигитаев Ақмола өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен және «AMANAT» партиясының мүшелерімен бірлесіп, «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалының еңбек ұжымымен кездесуге қатысты.

Заң консультанты Қ.С. Шигитаев өз сөзінде Қазақстанның алдағы онжылдықтарда мықты, заманауи және бәсекеге қабілетті мемлекет болуы әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымына байланысты екенін атап өтті.

Кездесу барысында еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік сала қызметкерлерінің өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Қазпошта» филиалының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарының үнін естуге және азаматтардың нақты сұраныстарына негізделген күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана күшті, әділетті және әлеуметтік бағдарланған мемлекет құруға болады.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: