2025 жылғы 12 қыркүйекте сағат 10:30-да Баишев Университетінің Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің базасында «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының өкілдері, Ақтөбе облысының Әділет департаменті, Ақтөбе облысының Адвокаттар алқасы, Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасы, сондай-ақ түрлі ұйымдардың заңгерлері мен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері қатысты.
Іс-шараны Баишев Университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының профессорлары Б.А. Телибеков пен И.М. Телибекова ұйымдастырды.
Қатысушылар кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылау үшін алаң ұсынғаны үшін Баишев Университетінің басшылығына алғыс білдірді. Дөңгелек үстел барысында өңір заңгерлері мен студенттері Конституциялық Сот өкілдеріне тікелей сұрақтар қойып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тәжірибелік қырларын талқылауға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер заңгерлік қауымдастық пен сот органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибелі заңгерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға және студенттердің қажетті тәжірибелік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
