Жарияланды: 25.09.2025
Бүгінгі заң мен қоғам

Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Ақылбай Серік Байсеитұлы Қазақстан Ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып, құқықтық мемлекет құрудың өзекті мәселелерін талқылады.

Бағдарлама барысында Президенттің Жолдауында айтылған: «Заң мен тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деген тұжырымға ерекше назар аударылды. Серік Байсеитұлы заң үстемдігі мен құқықтық мемлекет қағидаларын орнықтыру, мемлекеттік органдар арасында ортақ түсінік қалыптастыру, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік қызметшілердің заң алдындағы теңдігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Төрағаның айтуынша, құқықтық мемлекеттің табысты дамуы үшін әділеттілік қағидасы мен заң алдындағы теңдік қоғамда толық орнауы тиіс.

Толық шығарылым сілтеме бойынша:

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: