Автомобильдер, жолдамалар, қымбат гаджеттер – мұның бәрін блогерлер жай ғана жазылым үшін ұсынады. Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының көбі лентада «бағыңды сынап көр» деген жарқын бейнеролик шыққанда, жомарт сыйлықтардың шығынын шын мәнінде кім көтеріп жатқанын ойлай бермейді.
Құқық қорғау органдары соңғы уақытта мұндай акцияларды ұйымдастырушыларға ерекше назар аударуда, себебі сырттай тартымды көрінетін ұтыс ойындарының астарында жиі заңсыз лотереялар жасырын тұрады.
Кейбір инфлюенсерлердің заң мен мораль шегінен шығуының себебі неде? Елде мұндай әрекеттерге қатысты қандай жауапкершілік көзделген? Осы мәселелер жөнінде 24KZ телеарнасының эфирінде Республикалық заң консультанттары алқасының құрамындағы Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Арман Нағашыбаев пікір білдірді.
Толық шығарылым сілтеме бойынша:
