2026 жылғы 5 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы мен «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Ақылбай Серік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Республикалық халықтық коалициясының құрамында Екібастұз қаласына жұмыс сапары барысында «Богатырь Көмір» ЖШС разрезінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Халықтық Конституцияның негізгі ережелері, оның елдің одан әрі дамуы үшін маңызы, әділеттілік, заңдылық және азаматтар үшін тең мүмкіндіктер қағидаттарын нығайтудағы рөлі туралы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне, еңбек ұжымдарының азаматтық қоғамды нығайтудағы рөліне, құқықтық сауаттылық пен белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Сонымен қатар кездесуде «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ атқарушы директоры Искакбеков Аргын Асетович сөз сөйледі.
Іс-шараның жалпы қамтылуы – 260 адам.
