2026 жылғы 23 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшелері С.А. Тыштыбаев пен Д.А. Жигало «AMANAT» партиясының және Ақмола өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен бірлесіп, Аршалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Конституцияның негізгі ережелері, оның әлеуметтік бағыттылығы және Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құрудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды.
Еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарының үнін естуге және адамдардың нақты сұраныстарына негізделген күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз күшті, әділетті және әлеуметтік бағдарланған мемлекет құра аламыз.
Іс-шараның жалпы қамтуы – 11 адам.
