Жарияланды: 15.09.2025
КЕЙКІ МЕРГЕННІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұлытау ауданына қарасты Шеңбер ауылында даланың соңғы батыры саналатын атақты Кейкі Мергеннің үңгіріне ескерткіш белгі орнатылды.

Тарихи орын – ауыл орталығынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта, Қараторғой өзенінің жағасында орналасқан. Батырдың ұрпақтары баба рухына тағзым ету мақсатында үңгірге келушілер үшін сатылы жол жасап, алыстан аңғарылатын ескерткіш белгі орнатты.

2017 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Серік Ақылбайдың бастамасымен батырдың сүйегі елге қайтарылып, туған жердің топырағына жерленген болатын.

Соңғы жылдары үңгірге келуші туристер қатары артып келеді. Батыр ұрпақтарының бастамасы тарихи орынның туристік әлеуетін де арттыруға ықпал етпек.

Айта кетсек, салаға жауапты мамандар тарапынан Шеңбер ауылындағы мектепке Кейкі Көкембайұлының есімін беру жұмыстары қолға алынуда.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: