2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, сондай-ақ «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, Жетісу облысы Кербұлақ ауданының медицина қызметкерлерімен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат ұсынылып, әділеттілік, заңдылық және құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған конституциялық өзгерістердің басты бағыттары түсіндірілді.
Азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік қорғауды нығайту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету және мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Медицина қызметкерлері спикерлердің баяндамаларын мұқият тыңдап, пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кездесуге қатысушылар құқықтық ағартудың және ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның жалпы қамтылуы 50 адамды құрады.

