2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Алматы қаласындағы «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, сондай-ақ «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тұрғындарымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылып, әділеттілік, заңдылық және құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бастаманың басты ұстанымдары түсіндірілді.
Азаматтардың күнделікті өміріндегі Конституцияның рөліне, отбасы институтын нығайтуға, білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ заңға және қоғамдық үдерістерге жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аудан тұрғындары спикерлердің баяндамаларын мұқият тыңдап, пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кездесуге қатысушылар ашық диалогты жалғастыруға және құқықтық бастамаларды қолдауға қызығушылық білдірді.
Іс-шараның жалпы қамтылуы 80 адамды құрады.
