Жарияланды: 23.02.2026
Көкшетау қаласында №3 мектеп ұжымымен жаңа Конституция жобасы бойынша кездесу өтті

2026 жылғы 23 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Шигитаев Қ.С. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ақмола өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектептің еңбек ұжымымен кездесуге қатысты.

Ашық диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың елдің одан әрі дамуы, әділеттілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы маңызы түсіндірілді.

Педагогикалық ұжым талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, әрбір азаматтың қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңыздылығын көрсетті.

Іс-шараның жалпы қамтуы – 70 адам.

IMG-20260223-WA0049.jpg

IMG-20260223-WA0042.jpg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: