2026 жылғы 25 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі А.З. Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен бірлесіп Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицей ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған бастаманың негізгі ережелері түсіндірілді. Қоғамдық қатысу мәселелері, азаматтық жауапкершілікті дамытудағы және құқықтық мәдениетті нығайтудағы педагогикалық қауымдастықтың рөлі талқыланды.
Әрбір азаматтың белсенді ұстанымының маңыздылығына, ашық диалог жүргізудің және ел игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеудің қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
