2026 жылғы 18 ақпанда «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері Көкшетау қалалық емханасының ұжымымен ашық диалог форматында еліміздің Негізгі заңына енгізілетін өзгерістерді талқылады.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мұсралимова, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрайымы Анар Аяпбергенова, Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалының төрағасы, Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Арман Тастамбеков, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері, оның әлеуметтік бағыттылығы және мемлекетті одан әрі дамытудағы маңызы түсіндірілді.
Қатысушылар әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі медицина қызметкерлерінің рөлін талқылады.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.
Іс-шараның жалпы қамтуы – 31 адам.

