Жарияланды: 09.02.2026
Көкшетау қаласында жаңа Конституция жобасы талқыланды

2026 жылғы 9 ақпанда Көкшетау қаласында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының төрағасы Султанов Бахыт Кизакович, нотариаттық палата, жеке сот орындаушылары палатасы, адвокаттар алқасы, сондай-ақ Сот сараптамалары институтының директоры қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланып, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: