Жарияланды: 18.02.2026
Конституция жобасы бойынша Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің студенттерімен түсіндіру кездесуі өтті

2026 жылғы 18 ақпанда Алматы қаласында Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін «Құқықтық қорғау және заңгерлік қызметтер көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының төрағасы Әлімов О.Т. және палата өкілі Шынтаева А. Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» Жоғары құқық мектебінің студенттерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында болашақ заңгерлерге Ата заң жобасының негізгі ережелері жан-жақты таныстырылып, қолданыстағы Конституция редакциясымен салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілді. Сонымен қатар мазмұндық өзгерістерге және олардың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызына ерекше назар аударылды.

Атап өтілгендей, 2026 жылғы 15 наурыз республикалық референдум өткізу күні болып бекітілді. Бұл күні әрбір азаматтың дауысы айрықша маңызға ие.

WhatsApp Image 2026-02-18 at 16.30.23.jpeg

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: