Жарияланды: 20.02.2026
Конституциялық реформа – 2026: саяси жүйені жаңғырту және жаңа құқықтық институттар

2026 жылғы 20 ақпанда Астана қаласында Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Астана қаласы Заң консультанттары палатасының мүшесі, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ атқарушы директоры Искакбеков Арғын Асетович Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының құқық қорғау әлеуетін және саяси жүйені жаңғыртудың негізгі бағыттарын талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Башимов М.С. болды.

Пікірталас барысында конституциялық жаңашылдықтарды институционалдық тұрғыдан іске асыру, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық қолдану практикасын жетілдіру мәселелеріне арналған сараптамалық баяндамалар жасалды.

Талқылауға Әділет министрі Сарсембаев Е.Ж., Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ластаев А.Е., Жоғары сот кеңесінің төрағасы Малахов Д.М., Мәжіліс депутаты Магеррамов М.М., сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша баяндамаларды іс-шара материалдарының жинағына енгізу, сондай-ақ конституциялық жаңашылдықтарды тиімді әрі жүйелі іске асыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.

Талқылау барысында жаңа Конституция жобасы адам құқықтарын қорғаудың нақты тетігі ретінде қызмет етуі тиіс екені, оның тек декларативті құжат болып қалмауы қажет екені атап өтілді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: