Жарияланды: 03.02.2026
Конституциялық реформа: қоғамдық талқылау және негізгі өзгерістер

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бес отырысы өтті. Ұсынылған өзгерістер кең ауқымды қоғамдық талқылауға шығарылып, жаңа Конституция жобасының мәтіні республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Конституциялық комиссия мүшесі, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Серік Ақылбай жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне тоқталып, азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, ол мемлекеттік айыптаушы мен адвокаттардың іс жүргізу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету қажеттілігіне баса назар аударды, сондай-ақ дін мен мемлекеттің өзара іс-қимылы мәселелерін реттеу тәсілдерін белгіледі.

Толық шығарылым сілтеме бойынша:

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: