Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Нидерланд Корольдігінің Елшілігінің қолдауымен және «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігімен әріптестікте «Конституцияның үстемдігі: заңдылық мәдениеті және құқықтық сана» жобасын іске асыруда.
Жоба аясында «Конституцияның үстемдігі және конституциялық іс жүргізудегі Amicus Curiae құқықтық институтын дамыту» тақырыбында Конституциялық Сот судьяларының, Конституциялық Сот Аппараты қызметкерлерінің және конституциялық құқық саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен 2026 жылғы 20-21 мамыр күндері Түркістан қаласында өңірлік екі күндік офлайн-тренинг өткізілді.
Аталған тренингке Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Түркістан–Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының төрағасы А. Оракбаева және заң консультанттары А. Жұмабайұлы, А. Кудасова, К. Кошкаров, М. Ермекбаев, А. Байболова, А. Жадигерова, З. Әмірова, Н. Каримбаев, М. Иманбекова қатысты. Қатысушылар тренинг барысында өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іс-шараға қатысу олардың конституциялық іс жүргізу саласындағы кәсіби құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге және Amicus Curiae институтын қолдану тәжірибесін дамытуға ықпал етеді.
