Жарияланды: 14.05.2026
Конституциялық өзгерістер: тұрақты даму және құқық үстемдігі тақырыбында кездесу өтті

2026 жылғы 14 мамырда Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттерімен «Конституциялық өзгерістер: тұрақты даму және құқық үстемдігі» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Іс-шара барысында еліміздегі конституциялық реформалардың маңызы, құқықтық мемлекет құрудағы рөлі, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Кездесуге Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заң консультанты Мырзабай Нұрлан Әлжанұлы қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар құқық үстемдігін нығайту, конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына ықпалы және азаматтық қоғамның рөлі жөнінде пікір алмасты.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: