Жарияланды: 21.11.2025
Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы жұмысының құқықтық аспектілері

2025 жылғы 27 қарашада Республикалық заң консультанттары алқасы «Ұлттық Банктің Антифрод-орталығы жұмысының құқықтық аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.

Соңғы уақытта қаржылық алаяқтық пен күдікті операцияларға тап болған азаматтардың өтініштерінің айтарлықтай өсуі байқалады. Осыған байланысты Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ресми өтініш жолдады. Ұлттық Банктің сайтында Антифрод орталығының қызметі және халықты қорғау шаралары туралы маңызды ақпарат орналастырылған.

Вебинардың мақсаты – Антифрод орталығы жұмысының құқықтық негіздерін түсіндіру, азаматтарды алаяқтықтан қорғау саласындағы заң консультанттарының хабардарлығын арттыру, сондай-ақ реттеуші және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту.

Вебинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің спикерлері:

Бименов Елдос Байжанович – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің бас экономист-маманы;

Қаратаева Әсел Талғатқызы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің бас экономист-маманы.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен:

Жүнісбек Жақыпбек Болатбекұлы – ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі, полиция майоры қатысты.

Вебинарға 121 заң консультанты қатысты. Спикерлер талқылау барысында қатысушылар көтерген барлық негізгі сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ішкі істер министрлігіне көрсеткен ынтымақтастығы, жедел әрекеті және азаматтар үшін аса маңызды қаржылық қауіпсіздік мәселелерін түсіндіруге дайын болғаны үшін алғыс білдіреді.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: