25 қазан – Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке – Республика күніне орай, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2025 жылғы 20 қазанындағы бұйрығына сәйкес, қызметтік міндеттерін адал және кәсіби деңгейде атқарғаны үшін Республикалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін палаталардың мүшелері марапатталды.
Атап айтқанда:
- Жамбыл облысы заң консультанттары палатасының мүшесі – Абдрахманова Кульзипа Бекбауовна,
- Маңғыстау облысы заң консультанттары палатасының мүшесі – Ажгалиев Талгат Макамбетович,
- Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі – Аристанов Кайрат Хайдарович – «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен:
- Ақтөбе облысы заң консультанттары палатасының мүшесі – Мукушев Азидулла Муталиевич,
- Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Искакбеков Арғын Асетович,
- Қарағанды облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Бекбергенова Роза Ермековна марапатталды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Грамотасымен:
- Қызылорда-Түркістан облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының мүшесі Алимбеков Бахытжан Арыстанович
- Павлодар облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Кузнецова Виктория Евгеньевна,
- Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Соловов Андрей Викторович марапатталды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Алғыс хатымен:
- Қостанай облысы «Заңгер» заң консультанттары палатасының мүшесі Антипина Ольга Александровна,
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттары палатасының мүшесі Мужчиль Савелий Александрович,
- Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі Ильяшев Адлет Асылбекович,
- Алматы қаласы «Құқықтық қорғау және заң қызметтерін көрсету» заң консультанттары палатасының төрағасы Әлімов Олжас Төлегенұлы марапатталды.
Құттықтаймыз!
