2026 жылғы 24 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшелері С.А. Тыштыбаев пен Д.А. Жигало, сондай-ақ «AMANAT» партиясының өкілі Г.А. Ахимова және Қазақстан Халық партиясының өкілі В. Емцова Аршалы кентіндегі №2 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Конституцияның негізгі ережелері, оның әлеуметтік бағыттылығы және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды құрудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды.
Заң консультанты С.А. Тыштыбаев өз сөзінде жаңа Конституция жобасында мұғалім мамандығының тұрақтылығы мен құқықтық қорғалуының маңызы айқын көрініс тапқанын атап өтті. Бастауыш және орта білімнің міндеттілігі мен оның мемлекеттік білім беру ұйымдарында кепілді түрде берілуі педагогикалық еңбекке тұрақты әрі ұзақ мерзімді сұранысты қамтамасыз ететінін жеткізді.
Оның айтуынша, мұғалім мемлекет жүктеген конституциялық міндетті іске асырушы негізгі тұлғалардың бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде жұмыспен қамтудың тұрақтылығын нығайтып, білім беру жүйесін негізсіз оңтайландыру тәуекелдерін төмендетуге және педагог мамандығының әлеуметтік маңызын арттыруға ықпал етеді.
Ашық диалог барысында Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістердің елдің одан әрі дамуы, әділеттілік пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Педагогикалық ұжым талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтіп, әрбір азаматтың қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңыздылығын айқындады.
Іс-шараның жалпы қамтуы 50 адамды құрады.
