Жарияланды: 19.02.2026
Ақмола облысында Красный Яр ауылы мектебінің ұжымымен кездесу өтті

2026 жылғы 19 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Тастамбеков А.З. «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ақмола өңірлік штабы мүшелерімен бірлесіп, Красный Яр ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Ашық диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін негізгі ережелер мен ұсынылып отырған өзгерістер, олардың елдің одан әрі дамуына, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпалы түсіндірілді.

Педагогикалық ұжым талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Кездесу сындарлы әрі іскерлік атмосферада өтіп, әрбір азаматтың қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңыздылығын көрсетті.

Іс-шараның жалпы қамтуы – 32 адам.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: