2026 жылғы 26 ақпанда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Қостанай облысы «Заңгер» заң консультанттары палатасының төрағасы Д.К. Рахаделов мәслихат депутаттарымен бірлесіп Қостанай қаласындағы «Қазпошта» АҚ аумақтық филиалының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі қағидаттары мен бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Ұсынылып отырған өзгерістердің елдің құқықтық дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іс-шараға жалпы 35 адам қатысты.
