26 тамызда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен «Respublica» саяси партиясы ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл: мықты мемлекет, еркін қоғам, жауапты азамат» сарапшылық кездесуі өтті.
Іс-шараны ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов ашты.
«Respublica» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров осы отыз ішінде Конституция Тәуелсіздікті нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға және демократиялық мемлекет құруға берік тірек болатынын атап өтті. Кездесудің басты спикерлерінің бірі Парламентаризм Институтының директоры Наталья Пан өз баяндамасында Конституциялық реттеудің кейбір аспектілері туралы айтты.
Бұдан басқа, баяндама жасап сөз сөйлегендер: ҚР Конституциялық соты аппаратының өтініштерді алдын ала зерделеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Эльмира Қалиева («Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау»), «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Серік Байсеитұлы Ақылбай («Заң және тәртіп – қазақстандықтардың құқықтарын қорғаудың басты қағидаты ретінде»), «Өзекті саясат институтының директоры Сергей Коновалов («Қазақстан «Құқық үстемдігінің жаһандық индексінде» және оны Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде жақсарту»), ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Бүркіт Нұрмағамбетов («Конституция – мемлекеттік идеологияның негізі ретінде»), ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Жанар Санхаева («Конституциялық реформа шеңберіндегі Қазақстан Республикасының саяси жаңғыруы»).
Сонымен қатар, онлайн режимде іс-шараға азаматтық қоғам мен құқық қорғау ұйымдарының, сондай-ақ «Respublica» партиясының өңірлік филиалдарының өкілдері қатысты.
Талқылау барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының даму перспективаларын және азаматтық қоғам мен саяси партиялардың Конституциялық үдерістегі рөлін талқылады.
Сарапшылық кездесудің қорытындысы ретінде Қарар қабылданды.
Дереккөз: https://po.qr-pib.kz/p/49528
