Жарияланды: 02.03.2026
ҚР Ұлттық ұланының №5510 әскери бөлімінде конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өтті

2026 жылғы 02 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасының (РЗКА) құрамына кіретін Ақмола облысы заң консультанттары палатасының мүшелері К.А. Ивахин мен А.З. Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5510 әскери бөлімінің жеке құрамымен түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға елдің дамуындағы негізгі бағыттар, мемлекеттік саясаттың басымдықтары, сондай-ақ әділетті және прогрессивті Қазақстанды одан әрі нығайтудағы конституциялық реформалардың маңызы туралы ақпарат ұсынылды.

Іс-шара барысында қоғамдық тұрақтылық, азаматтық жауапкершілік және мемлекетті дамытудағы әрбір азаматтың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әскери қызметшілер спикерлердің баяндамаларын мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалогқа қатысты. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғам бірлігін нығайтуға және жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде қоғамды топтастыруға ықпал етеді.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 91 адам.

Жаңалықтарға қайта оралу
Бөлісу: